"Бір қате жоқ". Тоқаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды 

election.gov.kz
Лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді толық меңгерген деген шешім шығарды.

Nur Otan партиясының құрылтайынан соң Қасым-Жомарт Тоқаев орталық сайлау комиссиясына барып, кандидат ретінде құжаттарын өткізді. Сосын лингвистикалық комиссияның алдында мемлекеттік тілден емтихан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жазба жұмысының тақырыбы – Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тақырыпта 2 беттік шығарма жазып шыққан. Комиссия мүшелері шығармадан бірде-бір қате таппағанын айтады.

Содан соң президенттікке үміткер Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" кітабынан үзіндіні мәнерлеп оқып берді. Комиссия мүшелері Тоқаевтың дауыс ырғағы мен оқу мәнерін жоғары бағалады.

Соңында Тоқаев әлемдік саясаттағы Қазақстанның орны тақырыбында сөз сөйледі.

Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, президенттің сөзін бәрі ұйып тыңдаған. Өйткені Тоқаев сыртқы саясаттың нағыз маманы.

Үш кезеңнен де мүдірмеген Қасым-Жомарт Тоқаевты лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді толық меңгерген деген шешім шығарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді