Нұр-Сұлтанның Полиция департаментіне жаңа бастық келді

ІІМ баспасөз қызметі
Ол Ержан Саденов.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Президент әкімшілігінің мақұлдауымен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жаңа бастығы болып Саденов Ержан Сапарбекұлы тағайындалды, – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жаңа бастықты жеке құрамға министр Ержан Тұрғымбаев пен қала әкімі Бақыт Сұлтанов таныстырды.

Астаналық полиция бастығы қызметіне келген Саденов Марат Қожаевтың орнын басты.

Ержан Саденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, ҚР ҰҚК-нің Қарағандыдағы жоғары мектебін тәмамдаған.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Басшылық қызметтерде тәжірибесі бар.

2016 жылдың маусымынан бері Ақмола облыстық полиция департаментінде бастық болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?