Алматы әуежайының бұрынғы президенті қамауға алынды

Kursiv.kz
Бекмұхамбетовқа қатысты сеніп тапсырылған бөтен біреудің мүлігін аса ірі көлемде жымқыру немесе талан-таражға салу фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы президенті Айбол Бекмұхамбетов сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде жымқыру немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің дерегінше, 15 сәуірде "үйқамақ" санкциясы "кепілдікпен босатуға" ауыстырылды. Кепіл көлемі 3500 АЕК (8 837 500 теңге) немесе сол сомаға пара-пар мүлік.

Бекмұхаметов әуежай президенті қызметінен 2018 жылдың 11 маусымында өз еркімен кеткен болатын. Ол қызметте 2009 жылдан бері отырған. 2018 жылдың 16 тамызында Бекмұхаметов шұғыл түрде VI-шы шақырылымдағы мәслихат депутаты өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды