Тоқаев заңды кандидат. Конституциялық кеңес сауалға жауап берді

reactor.inform.kz
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметкерлері мен оған теңестірілген тұлғалардың шетелде өткізген уақыты ел аумағында 15 жыл бойы тұрақты тұрып келгені деп саналады.

25 сәуірде Конституциялық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Конституциясының 41 бабы 2 пунктін ресми түсіндіріп беру туралы сауалы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңес пікірінше, 15 жылдық елде тұру мерзіміне ең алдымен тұлғаның ел аумағында тұрақты тұрып келгені кіреді, ол әдетте азаматтың тұрғылықты мекені бойынша тіркеуде тұрғанымен расталады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметкерлері мен оған теңестірілген тұлғалардың шетелде өткізген уақыты да бұл мерзімнің ішіне кіреді.

Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми түсіндіргендей, мұндай себептермен ел аумағынан сыртқа шығу Қазақстан азаматтығын доғаруға, тұрақты тұрғылықты мекеннің өзгеруіне әкелмейді.

Нормативтік қаулының толық мәтіні баспасөз бен Конституциялық кеңестің интернет-ресурсында жарияланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті