Тоқаев Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы қабылдады

Ақорда
Қазақстан Президенті білім беру жүйесінің мәселелері бұдан былай өзінің жіті назарында болатынын айтты.

Мемлекет басшысына білім беруді және ғылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев үш ауысымда оқытуды жою, жаңа мектептер салу және үш тілде білім беруге біртіндеп өту жұмыстарын жалғастыру маңызды міндет екенін айтты.

Күләш Шәмшидинова техникалық және кәсіби білім беру ісінің жағдайы және бизнес пен оқу орындарының арасындағы өзара іс-қимылдарды жолға қою шаралары жөнінде есеп берді. Кездесу барысында жоғары білімнің сапасын арттыруға және ЖОО түлектерінің еңбек нарығындағы сұранысқа сай болуына ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларын артық есеп берулерден арылтып, педагогтардың мәртебесін көтеруге, ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдауға, бірінші кезекте мемлекеттік тілде зерттеулер жүргізетін гуманитарлық бағыттағы ғалымдарға басымдық беруге бағытталған нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан Президенті кездесу соңында білім беру жүйесінің мәселелері бұдан былай да өзінің жіті назарында болатынын айтты.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды