Индонезия президенті ел астанасын ауыстырмақ

coral.by
Бірақ жаңа астананың қайда орналасатыны әлі таңдалмаған екен.

Индонезия президенті Джоко Видодо ел астанасын Ява аралынан көшіруді шешті, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

– "Президент ел астанасын Ява аралынан көшіруді шешті, бұл өте маңызды шешім", – деп атап өтті Индонезияның жоспарлау және даму министрі Бамбанга Броджонегоро кабинет отырысынан кейінгі баспасөз жиынында.

Оның сөзінше, жаңа астана әлі таңдалған жоқ, ал астананы көшіруге он жылға дейін уақыт кетуі мүмкін.

Джакарта – ерекше мәртебелі астаналық аймақ және Индонезияның ең ірі қаласы. Ява аралының солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. Халқының саны – 9 607 787 адам (2010 жылғы санақ бойынша). Халық тығыздығы әр шаршы шақырымға 14 469,56 адам. Халқының діні: 85,5% – мұсылмандар, 5,2% – протестанттар, 4,8% – католиктер, 3,5% – буддистер, 1% – индуистер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды