Наурызда инфляция 0,5%-ды құрады – Ұлттық банк

zakon.kz
Ал жыл басынан бері инфляция 1,3%-ға жетті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегінше, 2019 жылдың наурызында инфляция 0,5 пайызды құрады (2018 жылдың наурызында да 0,5% болған еді). Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл басынан бері инфляция 1,3% (2018 жылғы қаңтар-наурызда – 1,8%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасы 1,4%-ға төмендеді. Жылдық инфляция 4,8% деңгейде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 6,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,0%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны 1,2%-ға дейін баяулады.

2019 жылғы наурызда халықтың инфляциялық күтулері нақты инфляцияның баяулауы аясында төмендеді. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 4,5% болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды