3 мамырға арналған ауа-райы. Еліміздің басым аймағында жауын жауады

pxhere.com
Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Синоптиктер 3 мамыр күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл күтіліп, жел 17-22 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жел, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с артып, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында күндіз, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с артуы мүмкін.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз