Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтті

Ж. Құспанов
Отырыс барысында бірқатар заңдарға түзетулер енгізілді.

Бүгін, 8-мамыр күні, Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кезекті жалпы отырысында Қазақстан мен Литва арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасының негізгі мақсаты уағдаласушы мемлекеттердің бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру саласындағы ынтымақтастықты Шарт ережелеріне және ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ, сотталған адамдардың және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдардың азаматтық жағынан өз қоғамына қайта интеграциялануына ықпал ететін болады.

Осы күні Мәжіліс қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелерін, сонымен бірге, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдады.

Жалпы отырыс соңында Мәжіліс депутаттары Б.Смағұл, К. Мұсырман, З.Аманжолова, Р.Ким, Н. Әлтаев құзырлы мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолдады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз