СҚО-ның жаңа прокуроры тағайындалды

yk-news.kz
Бұл қызметке Бағбан Тайымбетов жайғасты.

Бағбан Тайымбетов Солтүстік Қазақстан облысы прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ағымдағы жылдың 20 мамырдағы бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тайымбетов Бағбан тағайындалды.

Б.Тайымбетов 1963 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы бастаған.

Басшылық лауазымдарда еңбек тәжірибесі мол. Қарағанды, Қызылорда облысы және Алматы қаласы прокурорларының орынбасары, сондай-ақ Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 27 жылдан астам.

Заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі жетістігі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған