Дариға Назарбаева Еуразиялық медиа форум аясында бірқатар кездесу өткізді

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта форумға 60 елден 500-ден астам делегат қатысып келеді.

Парламент Сенатының Төрағасы, Еуразиялық медиа форумның Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Алматыда форум аясында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медиа форумның арнаулы мейманы Армения президенті Армен Саркисянмен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар Парламент Сенаты мен Армения Ұлттық Жиналысының достық тобының депутаттары арасында таяуда болған кездесудің маңыздылығын атап өтті, онда екі елдің заң шығару органдары арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткен болатын.

Армения Президенті ірі халықаралық медиа құрылымдардың өкілдері мен әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосатын Еуразиялық медиа форумның әлеуеті зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта форумға 60 елден 500-ден астам делегат қатысып келеді. "Бүгінгі әлем – деглобализация үдерістерін, тұтыну дағдарысын, медиа-саланы цифрландыру, сондай-ақ жаңа технологиялар мен жасанды интеллектпен ұштасқан даму мүмкіндіктері мен сын-қатерлерді талқылау" биылғы жылы форумның тақырыбына айналып отыр.

Euronewsтің әріптестік және әртараптандыру жөніндегі аға вице-президенті К. Оикономумен кездесу барысында ЕАМФ пікірсайыстарының маңызы мен оның өсіп келе жатқан беделі атап көрсетілді.

"Біз ашық пікірлесу ымырасыз ұстанымдарды жақындастыруды, өзара түсіністік пен төзімділікке ықпал етуін, ортақ мәселелерді шешу үшін күш-жігерді біріктіруді қалаймыз" , - деді Еуразиялық медиа форум ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз