Тегеранның бұрынғы мэрі өз әйелін өлтіргенін мойындады

pixabay
Оған екеуінің арасындағы ұрыс-керіс себеп болған.

Тегеранның бұрынғы мэрі Мохаммад Али Наджафи әйелін өлтіргенін мойындады. Бұл туралы Fars агенттігіне сілтеме жасаған РИА Новости жазады.

– Наджафи әйелін өлтіргенін мойындады, оған отбасындағы кикілжіңдер себеп болған деп түсіндірді, – деді агенттікке прокуратура өкілі Мохаммад Шарияри.

Оның сөзінше, бұрынғы мэр полицияға өзі келген.

Бұдан бұрын Иран баспасөзінде бұрынғы мэр және бұрынғы президент кеңесшісінің әйелі Тегеранның солтүстігіндегі элиталық аудандағы үйлердің бірінде атып өлтірілгені туралы ақпарат пайда болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз