Венесуэлада инфляция 130 060%-ды құрады

newphoenix.ru
Венесуэла көптен бері экономикалық дағдарыста келеді.

Венесуэланың орталық банкі соңғы үш жылдан бері бірінші рет елдегі инфляция деңгейіне қатысты баяндама жасады. Оған сай, 2018 жылы инфляция 130 060%-ды құраған, ал биылғы сәуірде 33,8% деген көрсеткіш тіркелген, деп хабарлайды РИА Новости.

Елдері тұтыну заттары қаңтарда 196,6%-ға, ақпанда – 114,4%-ға, наурызда – 34,8%-ға қымбаттаған.

Бұған дейін наурыз айында елдегі Ұлттық ассамблея депутаты Хосе Герра Венесуэлада 2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың ақпаны аралығындағы жылдық инфляция 2,296 миллион пайызды құрады деп мәлімдеген болатын.

Венесуэлада талай жыл бойы экономикалық дағдарыс жалғасып келеді. Елге қарсы енгізілген қаржылық және экономикалық санкциялар жағдайды одан сайын ушықтыруда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды