Алматыда аудан әкімі самокатпен жүр

Facebook/Айгүл Тұрысбекова
Шенеуніктердің самокат, велосипед немесе қоғамдық көлікпен қозғалуды жиілеткені жөн болар еді.

Куәгерлер Алматының Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың қала көшелерінде самокатпен жүрген сәтін суретке түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл суретті Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнур Кисиков желіге жүктеді, ал фотоның авторы Айгүль Тұрысбекова дейді. Суретке қарағанда, самокатшы-әкім Арбат жақта жүрген сияқты.

- Жалпы, қаланың экологиялық көлік мәдениетіне көшіп жатқаны қуантады. Қалалықтар біртіндеп жеке көлікті тастап, жаяу жүруді таңдай бастады. Шенеуніктердің самокат, велосипед немесе қоғамдық көлікпен қозғалуды жиілеткені жөн болар еді. Бұл экология ғана емес, экономия. Өзім де көптен бері самоткатқа мінгім келіп жүр, ауыр жүк көтеретін самокаттар бар ма екен? – деп жазды Бекнур Кисиков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды