Қызылорда облысы бәсекеге қабілетті 4 тауар бойынша әлемнің үздік 5 экспорттаушысы қaтарында

пресс-служба
Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 27 есеге артты.

Қызылорда облысында жаһандық бәсекелестік артықшылыққа ие 21 тауар бар. Оның ішінде 4 тауар бойынша әлемдегі экспорттаушы елдердің үздік бестігіне кіреді. Олар - тұз, күріш, балық және минералды заттарды битуммен араластыруға арналған машиналар (өңдеу өнеркәсібінде қолданылады).

Бұл ретте, ұсақталған күріш экспорты бойынша облыс әлемде І орын алып, жаһандық бәсекелестік басымдыққа ие деп хабарлайды Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы.

- Жаһандық салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізуде балық өнімдерінің экспортын қажетті деңгейге дейін ұлғайту зор мүмкіндік болып табылады. Бұл индекс елдің тауар экспортының халықтың жан басына шаққандағы орташа әлемдік көрсеткішке арақатынасын өлшейді, - деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.

Басқарманың мәліметінше, соңғы бес жылда Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешенінің қарқынды дамуы байқалуда.

Мәселен, негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 27 есеге артты.

Аймақ экспортының шоғырлану деңгейін талдау соңғы бес жылда экспорттың әртараптандырылуын көрсетеді. Осылайша, экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері 5 есеге өсті (3-тен 16 түрге дейін).

Өткен жылы экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 34,5 млн.долларды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өсті.

Айта кетейік, өнімді өткізудің негізгі нарығы - Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Украина, Моңғолия, Польша және Нидерланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты