3 маусым күні Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

Кей аймақтарда найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кей жерлерде жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында катты жаңбыр жауады, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей аймақтарда найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар, Алматы, Шығыс-Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, Шығыс Қазақстан, Алматы, күндіз Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде найзағай болуы ықтимал.

Атырау, Ақтөбе, кей жерлерде Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде апаттық өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: