Алтын BMW үшін полицеймен алысқан қыз кім

видеодан кадр
Бұл идея авторларының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Алматыда полиция киімін киген кісі мен оған бой бермей, эвакуаторға тиелген алтын түсті BMW-сына терезеден кірген сәнқой қыздың оқиғасына қатысты полиция өкілдері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Алматы полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеоны тексерді. Ондағы кейіпкерлердің полицияға қатысы жоқ. Тексеру барысында бұл видеоның музыкалық клиптің тизері үшін түсірілген эпизод екені анықталды, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ал енді сол видеоны түсірген продюсерлік орталықтың өкілі түсіндіргендей, клип авторлары ішкі істер органдарын мазақ қылғысы келмеген, олардың мақсаты жол ережесін бұзған адамдардың бейшара жағдайға тап болатынын көрсету болған.

– Идея авторларының әрекетіне әлі құқықтық баға беріледі. Заңды бұзған тұстары табылып жатса, жазасын алады, – деп атап өтті полиция.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды