Директорлар, "комитеттер" біліп қойсын: ата-аналардан ремонтқа ақша жинау заңсыз

zakon.kz
Елдің барлық өңірлерінде жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат толық көлемде мемлекеттен бөлінеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мектеп, балабақшада ремонтқа ақша жинау мәселесіне кезекті рет назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Қазір мектептер мен балабақшаларда заңсыз ақша жинау фактілері бойынша азаматтардан арыздар жиілеп отыр. Сондай-ақ, мұғалімдер мен тәрбиешілерден де мәжбүрлі түрде ақша жинату деректері туралы хабарлар келіп түскен, – дейді агенттік.

Агенттіктегілер еліміздің барлық өңірлеріндегі білім басқармалары хабарлағандай, жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат толық көлемде мемлекет есебінен бөлінетінін атап өтті. Осылайша, ремонтқа ақша жинастыру заңсыз.

Агенттік азаматтар мен қызметкерлерді білім беру ұйымдарындағы "ақша жинағыштарға" белсенді түрде қарсы шығуға шақырады. Ақша жинау фактілері бойынша "Адалдық алаңы" кеңселерінің басшыларына электронды пошта, мессенджерлер арқылы немесе мына телефон нөмірлері арқылы: http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/kontaktnye-dannye-regionalnyh-proektnyh-ofisov хабарласуға болады.

Құпиялық сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі