Түркия Президенті Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады

BNews.kz
Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды барлық салада одан әрі дамыту үшін жұмыс істеуге дайын екенімді атап өткім келеді - Режеп Ердоған.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өзінің және түрік халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Саяси тұрақтылық сабақтастығының маңызды көрсеткіші ретінде осы сайлаудың табысты аяқталғанына қуанышты екенін айтқан Түркия Президенті Қазақстанның алдағы дамуына сенім білдірді.

"Қазақстанның тыныштық пен тұрақтылық жолындағы қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қоса беретініне күмәнім жоқ. Халықтарымыз арасындағы тарихи және ежелгі достыққа негізделген Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзамен біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жоғары деңгейге жетті. Осы орайда, елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды барлық салада одан әрі дамыту үшін жұмыс істеуге дайын екенімді атап өткім келеді", – делінген жеделхатта.

Түркия Президенті Мемлекет басшысына денсаулық, бақыт тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды