Нұр-Сұлтанда әкім ауысты

zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне Алтай Сейдірұлы Көлгінов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Ол 2018 жылдың қыркүйегінен бері әкім болып келген Бақыт Сұлтановтың орнын басты.

Алтай Көлгінов 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Британияның Абердин университетінің магистратурасын бітірген.

Еңбек жолы:

· ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының кадр бөлімінде бас маман (2001);

· ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басқарушы прокуроры (2002-2003);

· ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары (2003-2007);

· ҚР Әділет министрлігінің Заңдық актілерді сараптау мен әзірлеу басқармасының бастығы (2007-2008);

· "Алаш Медиа Групп" ЖШС-і бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары (2008-2010);

· ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы Мемлекеттік бақылау және территориялық ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2010-2012);

· Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (02.2012-04.2013);

· Орал қаласының әкімі (04.2013-26.03.2016);

· Батыс Қазақстан облысының әкімі (с 26.03.2016).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті