Тоқаев Күрішбаев пен жаңа әкім Көлгіновты қабылдады

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев астананы абаттандыру жұмыстарына тың серпін беруді тапсырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы мәлімделді.

Қасым-Жомарт Тоқаев астананы абаттандыру жұмыстарына тың серпін беруді тапсырды. Сонымен қатар, LRT құрылысындағы жағдайды мұқият зерттеу қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті қаланың инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Оның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ректоры Ақылбек Күрішбаевты қабылдады. Мемлекет басшысына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ аграрлық білім мен ғылымды жетілдірудің жағдайы мен перспективалары туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті университеттің қол жеткізген табыстарын атап өтіп, ауыл шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік беретін аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды