Алматыда Денис Тенге ескерткіш тұрғызылды

inalmaty.kz
Денис Теннің мүсіні қоладан, тұғыры граниттен жасалған.

Алматыда белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге мүсін орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ескерткіш спортшы қаза тапқан жерге тұрғызылды. Денис Теннің мүсіні қоладан, тұғыры граниттен жасалған. Биіктігі - 2,4 метр. Мүсін Денистің қола медаль жеңіп алған Сочи Олимпиадасының финалдық бағдарламасын орындап тұрған сәтін өрнектеп тұр. Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысына орнатылған ескерткіш - Санкт-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкиннің туындысы. Ол бұған дейін оңтүстік астанаға тағы бір еңбегін - Виктор Цой мүсінін арнаған болатын.

"Біз Оксана Алексеевнаға алғыс айтамыз, өйткені әрбір деталь, штрихына дейін соның қадағалауында болды", - дейді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Ол Денис Теннің анасымен біріге спортшы туралы кітап шығарылатынын, күзде оның құрметіне турнир ұйымдастырылатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев