Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 3 адам ауыр халде жатыр

видеодан кадр
Ауруханаға он шақты адам жеткізілген, олардың үшеуі ауыр халде жатыр.

Шымкенттегі бірінші қалалық ауруханаға Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жеткізіле бастады, деп хабарлайды Sputnik otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Аурухананың бас дәрігері Абылай Бонбай үш адамның қазір ауыр хәлде жатқанын хабарлады. Барлығы он шақты адам ауруханаға түскен.

"Зардап шеккендер жеткізіле бастады, оларды қабылдап, қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатырмыз", - деді Бонбай.

Айта кетсек, Арыстағы төтенше жағдайларға байланысты Ордабасы ауданында дәрігерлік штаб құрылған. Оны Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мұқан Егізбаев басқарады.

Жедел жұмыстар жүргізілуде. Арысқа 30 жедел жәрдем жіберілді. Қажет болған жағдайда бірнеше ауданнан қосымша жедел жәрдем көліктері дайындалады, деп хабарлады өңірлік сайт.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?