Тоқаевқа Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түсті

Визалық орталық
Трамп АҚШ-тың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілету жолындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге ниетті екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай, АҚШ Президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Осы жылдардың ішінде екіжақты қарым-қатынастарымызда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, ынтымақтастық рухымыздың әрі қарай да жалғаса беретініне кәміл сенемін. Америкалық бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында жаңа мүмкіндіктер алғаны қуантады", – деп жазды Дональд Трамп.

Ақ үй басшысы, АҚШ-тың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілету жолындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге ниетті екенін атап өтті.

"Мен ортақ қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау үшін, біздің терең стратегиялық әріптестігімізді ілгерілету ісінде Сізбен ынтымақтастыққа үміттенемін. АҚШ Қазақстанмен мығым әріптестікті бағалайды. Орталық Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында Сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Жұмысыңызға мол табыс тілеймін", – делінген АҚШ Президентінің құттықтауында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз