Жамбыл облысы әкімдігі қызметкерлері бір күндік айлық жалақысын Арысқа аударды

Zakon.kz
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік айлық жалақысын аударды.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік айлық жалақысын аударды.

Сондай-ақ, оның орынбасарлары мен департамент, басқарма басшылары да айлық жалақыларын арыстықтарға аударды. Сондай-ақ, өзге де мемлекеттік қызметшілер ерікті түрде арыстықтарға ақша аударуға ұсыныс айтылды. Сондай-ақ дүмпуден дүрлігіп Таразға жеткен арыстықтарға барлық қолдау көрсетілуде.

Жарылыстан бас сауғалап келген жұртпен облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы кездесіп көпті сабырға шақырды. Орталық мешітте жайғасқан елге арнайы жатақхана қарастырылды. Апаттан ауып келген 21 отбасы (108 адам, оның 69 ересек қалғаны балалар) жағдай бір жақты болғанша қалауынша тұрақтануларына болады. Қажет ас-су, медициналық көмек бәрі-бәрі тегін көрсетілмекші.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды