Жамбыл облысы Арысқа 40 тонна азық-түлік жөнелтті

Instagram/ Ualibolatbek
Алдағы уақытта тосыннан келген апаттан зардап шеккен халыққа 180 тоннадан аса гуманитарлық көмек жолданбақ.

Арыс қаласына Жамбыл облысынан гуманитарлық көмектің алғашқы легі жіберілді. Бұл туралы Жамбыл облыстық "Жас Отан" Жастар қанаты төрағасы Уәли Болатбек өз Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазірге дейін жалпы құны 8 млн теңгеден асатын 40 тонна азық түлік тиеліп, 60 тонна құрылыс материалдары жіберілді. Оның ішінде 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна тауық еті, 350 келі шұжық өнімдері, 1 тонна сүт өнімдері, 200 келі макарон өнімдері, 1 тонна өсімдік майы, 400 келі печенье, 700 келі қияр және 1000 дана бөлке нан дайындалған.

"Сонымен қатар, Арыс қаласына медициналық қызмет көрсету мақсатында арнайы 4 бригада жіберілді. 2,2 млн теңге қаражат көлемінде қажетті дәрі-дәрмек бөлінді",- деп жазды Уәли Болатбек.

Жамбыл облысында көмек көрсету шаралары жалғасын табады. Алдағы уақытта тосыннан келген апаттан зардап шеккен халыққа 180 тоннадан аса гуманитарлық көмек жолданбақ.

Қазір Арыс қаласынан келген 100-ден аса азаматқа жан-жақты көмек көрсетілуде. Олар жайлы орындарға жайғастырылып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды