Н.Нығматулин: Арыс. Біз біргеміз!

Ж.Құспанов
Мәжіліс Төрағасы барлық депутаттық корпустың атынан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқ-дәрі базасында болған жарылыстар нәтижесінде зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін жиналған барлық қазақстандықтардың бірлігін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Палатаның жалпы отырысын ашқан Мәжіліс Төрағасы барлық депутаттық корпустың атынан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді.

– Баршаңызға белгілі, осы күндері бүкіл қазақстандықтар, бір ел болып, бір халық болып, Арыс қаласы тұрғындарына қолдан келген көмекті көрсетуде. Соның ішінде, Мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бастап осы оқиғадан тыс қалған жоқ. Депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударды, – деді Палата Спикері.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы кешеден бастап бір топ депутаттардың халықпен кездесуі үшін Арыс қаласына жол жүріп кеткенін айтты.

– Баршамыздың ниетіміз осы Арыс қаласының тезірек қалпына келіп, тұрғындар жағдайының тезірек жақсаруы біздің ендігі тілегіміз, – деді Нұрлан Нығматулин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз