Министр Тұрғымбаевтың өзі бастаған полицейлер Арыс халқының көшуіне көмектесуде

ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Тұрғындардың көшірілу жағдайын Арыс қаласына келген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің жеке бақылауына алды.

Ішкі істер органдары қызметкерлері Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің көшуіне көмектесуде. Таңғы сағат 6.00-ден бастап Түркістан облысы және Шымкент қаласының полиция департаменттерінің жеке құрамы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Zakon.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эвакуацияланғандар Арыс қаласына автобус колонналарымен оралуда. Бұл көш Департаменттің жол полициясының бастауымен іске асырылып жатыр. Жергілікті полиция қызметі азаматтардың құқықтық тәртібі мен мүліктерін сақталуын қатаң қадағалауға алды.

Тұрғындардың көшірілу жағдайын Арыс қаласына келген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің жеке бақылауына алды.

Қауіп туындаған кезден бастап қаладан 3566 тұрғын эвакуацияланып, 39 мыңнан астам адам өздері шыққан болатын.

Төтенше жағдайлардың залалдарын жою үшін ІІМ-нің күші мен құралдары, атап айтқанда 1500-ден астам жеке құрамы мен 188 бірлік техникасы жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды