"Осы кезде концерт беру...". Димаш Арыстағы оқиға туралы айтты

Актюбинский вестник
Димаш Нұр-Сұлтандағы концерті кезінде Арыстағы оқиғаны еске алды.

Димаш Құдайберген елордада өткен концертінен түскен қаражатының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Шетелде көп жүргеніммен, ылғи елімнің жаңалықтарын біліп отырамын. Интернетті ақтарғанда, ең бірінші, елімде не жаңалық болып жатқанын қараймын.

Жақында Арыста болған оқиға менің де жаныма қатты батты. Тіпті, концерт беру осы кезде ыңғайсыздау секілді көрінді, солай айтқандар да болды. Алайда шетелден шақырып қойылған қонақтар бар, арнайы келушілер бар! Соларды ескеру керек болды.

Сондықтан Арысқа көмек ретінде осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін аударамын деп шештім. Бұл сіздердің де көмектеріңіз боп саналады, ағайын", - деді Димаш Құдайберген концерт барысында.

Айта кетсек, 29 маусымда елордада Димаш Құдайбергеннің "Арнау" атты жеке концерті өтті. Зал толы болып, тіпті билет көп адамға жетпей қалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Астанада жаңбыр жауып, күн –3°C-қа дейін суытады, ал Алматы мен Шымкентте жылы ауа райы сақталады

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 17 қазанға арналған ауа райы болжамы