Полиция Теңізде жезөкшелер притоны болғанын жоққа шығарды

Atameken Business Channel
Қазір жалған ақпарат таратушылар іздестірілуде.

Әлеуметтік желілерде Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтан притон табылғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сай емес.

Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева мәлімдеді.

– Бұл ақпарат жалған. Ол WhatsApp мессенджері арқылы тараған, біз қазір оның авторы кім екенін тексерудеміз. Біз WhatsApp немесе өзге де әлеуметтік желілер арқылы келген негатив ақпаратты одан ары таратпауға кеңес береміз. Тек ресми дереккөздерден келген ақпаратты пайдалану керек. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген, – деді Назымгүл Қайсағалиева.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды