Президент "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысын қабылдады

Ақорда
Президенттің қабылдауында болған "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде жолаушылар мен жүк тасымалын ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Қазақстан Президенті "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысына темір жол көлігі саласының қазіргі даму жағдайы және келешегі туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, экспорт және транзит тасымалдарын ұлғайту, көлік қызметінің сапасын жақсарту қажеттігіне назар аударды.

Cондай-ақ Сауат Мыңбаев Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыру жөніндегі қабылданған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы контейнерлік тасымалдар саласындағы жағдай, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар, операциялық іркілістерді азайту туралы мәлімет берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы