Жітіқарада қос жұп үйленер алдында көлік апатына ұшырады

КН
Күйеужігіттің жағдайы өте ауыр.

Жітіқарада шаңырақ көтермек болған қос жұп көлік апатына ұшырады деп хабарлайды Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасап, Zakon.kz.

Сенбіде, яғни 29 маусымда Жітіқарада шамамен түнгі үште Ленин көшесіндегі Шанс дүкені маңындағы бағанаға ВАЗ 2114 көлігі қатты жылдамдықпен келіп соғылған.

Оқыс оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем көлігі 4 адамды ауруханаға жеткізді. Көлікті 32 жастағы Әзірбайжан азаматы тізгіндеген. Ал қасындағы жолаушылардың екеуі ер адам, біреуі 19 жастағы қыз болған. Барлығы жан сақтау бөліміне жеткізілген.

Кейіннен белгілі болғандай, көлікте шаңырақ көтермек болған қос жұп та болыпты.

- Бірнеше күннен кейін қызды жеке палатаға шығардық. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Өйткені бойжеткен үйленбек болған жігіттің жағдайы ауыр. Ол әлі жан сақтау бөлімінде. Арнайы аппаратпен тыныс алып жатыр. Жағдайы жақсарады деп тағы айта алмаймыз. Мұның бәрі қызға ауыр тиюде. Оның үстіне қасында болған 23 жастағы досы бүгін таңертең көз жұмды, - дейді бас дәрігер.

Бір қызығы, көлік жүргізушісіне аса ештеңе болмаған. Ол қолын ауыртып, басын жарақаттаған. Қазір ол полицейлердің тергеуінде. Ол өзінің такси жүргізуші екенін айтқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев