БЖЗҚ әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды

inform.kz
БЖЗҚ көпшіліктен месенджерге кеп жатқан бұл ақпаратты таратпауға шақырады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «зейнетақы ставкалары 15 пайызға ұлғаяды» деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жақында әлеуметтік желіде 1 қаңтардан бастан зейнетақы салымдарының ставкалары 15 пайызға артады деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа сай емес. Бірақ, ол жаппай тарап жатыр. БЖЗҚ бұл ақпаратты таратпауға шақырады", - деді БЖЗҚ өкілдері Фейсбуктегі парақшасында.

БЖЗҚ баспасөз қызметі түсіндіргендей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы зейнетақы жүйесіне шартты жинақтау компоненті енгізіледі.

"Бұл үшін қорда дербес шартты-жинақтау шоттары ашылады. Оған жұмыс берушілер өз қаражаттарынан 5 пайыз төлейтін болады. Мұны жұмысшылар төлемейді", - деді БЖЗҚ.

Жаңа жүйенің басты тиімділігіне келсек, ең алдымен зейнеткер зейнетақыны осы 5 пайыздан өмірбақи алып тұратын болады. Бұл салым жұмыскердің меншігіне жатпайды. Сондықтан оны мұраға қалдыруға болмайды.

"Компонент ортақ және жинақтаушы жүйелерінің екеуіне де сәйкес келеді. Бір жағынан ол әлеуметтік тұрғыдан тиімді. Себебі, жалақы аз алатын адамдар да басқалармен тең тура сондай зейнетақы төлемін алатын болады. Сонымен қатар мемлекеттің қаржылық салымдарын қажет етпейді", - деді қордан.

Осылайша қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыруда тағы бір тиімді жолы пайда болды. Ал, жұмыскерлер үшін міндетті зейнетақы салымдары өзгеріссіз 10 пайыз күйінше қалады.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді