"Терезеден секірген...". Ақша айырбастау пунктінің кассирі 41 млн рубльді ұрлап қашқан

today.kz
Кассир әйел 41 миллионды ұрлап, терезеден қашып кеткен.

Мәскеуде валюта айырбастау пунктінде істейтін кассир келіншек клиенттің 41 миллион рублін ұрлап, терезе арқылы қашып кеткен деп хабарлайды КТК сайты.

Қазір ол іздестіріліп жатыр. Кәсіпкер ол араға ақшасын АҚШ долларына айырбастау үшін келген. Келіншек ақшаны санап болғаннан кейін валютаны әкелгенше ер адамдардың шыға тұруын өтінген. Кәсіпкер екі сағаттан кейін кіріп, жұмыстың қалай жүріп жатқанын сұрамақ болған. Бірақ кіре беріс есік жабық болған.

Ешкім жауап бермеген. Сол кезде ер адам ғимаратты айналып, шолып өткен. Сонда ғана аулаға шығатын терезенің ашық тұрғанын, ал ғимараттың ішінде ешкім жоқ екенін көрген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды