100 мың теңге туралы ақпарат арыстықтарды ХҚО-да қырқыстырып қойды

Баспасөз қызметі
Бір реттік жәрдемақыны тіркеу үшін азаматтардың жеке бас мәліметі Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметтер базасынан сұратып, алынады.

Арыстықтарға мемлекет тарапынан берілетін бір реттік 100 мың теңге көлеміндегі көмек ақша туралы тараған ақпаратқа қатысты «Азаматтарға арналған үкімет» МК» АҚ баспасөз қызметі түсініктеме берді деп хабарлайды Zakon.kz.

- Әлеуметтік желілерде Арыс тұрғындарына мемлекет тарапынан берілетін бір реттік 100 мың теңге көлеміндегі көмек ақша алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат шығып, ел бізге жаппай ағылып келе бастады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - делінеді хабарламада.

Корпорацияның мәліметінше, бір реттік жәрдемақыны тіркеу үшін азаматтардың жеке бас мәліметі Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметтер базасынан сұратып, алынады.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі 3 шілдеде Арыста өткен баспасөз мәслихатында айтқан болатын.

"Материальдық көмек пен жәрдемақыны алу үшін барлық қала тұрғындары туралы мәліметтер полиция департаментінен сұратып алынады. Жәрдемақы үшін құжат жинаудың қажеті жоқ. Тек қолыңызда төлқұжат болса болғаны. Арыс бойынша 17 штаб құрылды. Адамдар сол штабқа бару керек. Сол арада құжаттар жианалады", - деген еді әкім.

"Халыққа қызмет көрсету орталығына арыстықтар бір реттік көмек ақша алу үшін, сондай-ақ бүлінген үйін жөндету үшін жылжымайтын мүлікті өз басына тіркелгенін куәландыратын анықтама, одан бөлек 1 пайыз жеңілдікпен несие тіркету үшін қағаз алуға ағылуда. Сондықтан азаматтарды арандатушылардың сөзіне еріп кетпей, нақты ақпараттардан құлағдар болып отыруға кеңес береміз", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты