ҚР Тұңғыш Президенті атына шетел көшбасшыларынан құттықтау хаттар әлі келіп түсіп жатыр деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті сайтына сілтеме жасап, Zakon.kz.
Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин де құттықтады.
"Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер бойынша стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамытуда Сіздің бай тәжірибеңіз, саяси даналығыңыз бен үлкен біліміңіз толықтай қажет болатынына сенімдімін", - деді Путин.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев өзбек халқы Елбасыны өз елі мен халқына жан-тәнімен шын жүректен қызмет еткен көрнекті мемлекет қайраткері және әлемдік деңгейдегі талантты саясаткер ретінде құрметтейтінін баса атап өтті.
"Қазақстан үшін тарихтың ең күрделі, аса маңызды кезеңінде мемлекеттің болашағы үшін жауапкершілік тізгінін бірегей адами қасиеттерге, терең білімге, құнды кәсіби және өмірлік тәжірибеге,тумысынан көшбасшы қасиетке ие Сіздің өз қолыңызға алуыңыз шынымен де тағдырдың жазуы. Қазақ мемлекеттігінің, егемендіктің және тәуелсіздіктің орнауында және оны нығайуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы деген тарихи миисияңызды да жоғары бағалаймын" делінген жедел хатта.
Түрікменстан президенті Құрбанқұл Бердімұхамедов құттықтау хатында Қазақстан өмірінің барлық салаларында ауқымды өзгерістер мен елдегі маңызды жетістіктер Тұңғыш Президент- Елбасы атымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
"Түрікменстанда біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жекелей үлесіңізді жоғары бағалаймыз және ұзақ мерзім тату көрші, сенім мен құрметке негізделген екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміттенеміз. Осындай айтулы күнде Сізге шын жүректен мықты денсаулық, ұзақ өмір, қайырылмас қуат пен бақыт тілеймін, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, әрі қарай гүлденіп, дами түсуін тілеймін" делінеді хабарламада.
Сербия президенті Александр Вучич болса, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көреген саясатының арқасында қол жеткізілген Қазақстан дамуының жоғары нәтижелеріне тоқталды.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сербия мен Қазақстанның тығыз ынтымақтастыққа қол жеткізгені үшін алғысымды білдіргім келеді. Қос елдің қарым-қатынасын алда одан әрі нығайтуға бізде көптеген мүмкіндіктер бар деп сенемін", - делінген хатта.