ҚР ұлттық экономика вице-министрі жаңадан тағайындалды

Баспасөз қызметі
Ол ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, ҚР Экономикалық және сыйбайлас жемқорлық қылмыстары агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеген.

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Жүнісбекова Мәдина Серікқызы оқуға кетуіне байланысты оның орнына Шайымова Айгүл Амантайқызы уақытша тағайындалды деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айгүл Шайымова 1979 жылы Целиноград облысының Маринов ауылында туған. Ол ЛевГумилев атындағы Еуразия университетін, Қаржы полициясы академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Қызмет ету кезеңінде әртүрлі жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, ҚР Экономикалық және сыйбайлас жемқорлық қылмыстары агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2017-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі болды.

2016 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі қызметін атқарды.

2016 жылдың қыркүйегінен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады