Димаш Президенттің эстафасын қабыл алып, оны бүкіл әлемге таратып жіберді

видеодан алынды
Димаш Абай Құнанбаевтың 1884 жылы жазған "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" деген лирикалық өлеңін жатқа оқып берді.

Димаш Құдайберген өзіне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын қабыл алды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым. #dears -тарға жолдаймын. #Abai175", - деп жазды ол.

Видеода Димаш Абай Құнанбаевтың 1884 жылы жазған "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" деген лирикалық өлеңін жатқа оқып берді.

Димаш Абай атамыздың шығармаларын дәріптеу әрбір қазақтың міндеті деп білетінін де қадап айтты.

Айта кетсек, алдында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды