Қазақстандық боксшы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды

sport.inform.kz
Ол Қостанай облысында ұсталған.

61 келі салмақта NBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Аслан Мұқанов кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды SPORTINFORM.

Қостанай облысының 31 жастағы спортшысы наурызда ғана National Boxing Association нұсқасы бойынша әлем чемпионы жүлдесін қанжылаған. Ол бірінші раундта-ақ венесуалық Стивен Монтерросты нокаутқа жіберген.

Бұл - оның кәсіби рингтегі алтыншы жеңісі. Оның бесеуін де алдын ала жеңіспен аяқтаған. Бір жарым жыл ішінде ол осындай үлкен жетістікке жеткен. Колумбияда жаттығып, Нельсон Лопездің өзі оған промоутер болған. Соңғы рет Монтерроспен жұдырық түйістіргенді елді сағынғанын жеткізген. Алайда Отанына оралған ол қиын жағдайға тап болып отыр.

11 шілдеде Алтын Дала ауылында 1987 жылғы Серік Пішенбаевтың мүрдесі табылды. Полицияның кезекші бөліміне бейтаныс әйел қоңырау шалған. Оның айтуынша, жігіт көрші ауылға әпкесіне кеткен, бірақ оны біреу пышақтап кетті деген. Кім дегенде Аслан Мұқановтың есімі аталған. Осы оқыс оқиғаға байланысты облыста шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп, спортшы Қостанайда ұсталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды