44 градусқа дейін. Бірнеше облыста қатты ыстық күтіледі

Pngtree
Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Тек Қазақстанның батысында және шығысында атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай, желдің күшеюі, қиыр батыста кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, шаңды дауылмен. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қарағанды облыстарында, күндіз Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады