Бурабай курортындағы тауда алапат өрт болды

http://newsarmru.com
Өрт сөндіруге аймақтағы өрт сөндіруші бүкіл құрам жұмылдырылды.

Ақмола облысының Бурабай курортындағы Жекебатыр тауының төбесіндегі орманды алқап өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылдың 19 шілдесінде сағат 13.00 шамасында Шучинскіден 15 шақырымдағы Бурабай ауданындағы Жекебатыр тауының 852 метр биіктігіндегі орманды алқап (Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы) өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 90 адам мен 5 арнайы өрт сөндіру техникасы, 1 тікұшақ жұмылдырылды. Көкшетаудан "Қазавиақұтқару" АҚ-қа тиесілі МИ- 26 тікұшағы шақырылды", - деді ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды