Қызметінен кеткен Ішкі істер министрінің экс-орынбасары мәлімдеме жасады

aktobetv.kz
Әбісатовтың жазбаша мәлімдемесі Интернет пен БАҚ пошталарында пайда болды.

Генерал Әбісатовтың қолы қойылған хат әлеуметтік желілерде, сондай-ақ Zakon.kz электронды поштасына кетіп түсті.

Махамбет Әбісатов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылған болатын. Соңғы айларда оның есімі Ақтөбе облысындағы Полиция департаментінің жиналысында түсірілген даулы видеоға байланысты жиі аталған. Сол кезде өңір полициясының бастығы болған Әбісатов қол астындағыларға боқтық сөздер қосып тұрып, қалай жұмыс істеу керектігін түсіндірген.

Ол видеодағы сөздер шынымен кімдікі екені белгісіз болғандықтан, Әбісатовтың хатының мәтінін келтіреміз.

YouTube-те тараған аудиороликтерге келсек, ол шынымен де менің сөздерім. Ол 2017 жылдың қарашасында үлкен жиналыста емес, шағын топтағы құпия жиында айтылған.

Заңсыз жазып алып, монтаждап, әлеуметтік желілерге біреу салып жіберген. "Құқық қорғау қызметі" туралы ҚР заңның 57 бабы, 10 тармағы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартуға заңды негіз жоқ. Бірақ ар мен парыз бар. Мен ешкімнің артына тығылмаймын. Сол себепті сол күні-ақ, биыл 1 маусымда отставка туралы арыз жаздым.

Полиция мен сияқты емес, онда мәдениеті жоғары адамдар аз емес. Полицияда 36 жыл жұмыс істедім. Өзімді ақтамаймын, бірақ осындай кәсіби келеңсіздіктердің болатынын өзгелерге ескерткім келеді. Менің аузымнан шыққан сөздер шамына тиген әрбір адамнан кешірім сұраймын.

Аудиороликтерді Ақтөбеге қатысы жол адамдар монтаждаған. Кім екені белгілі. Мен енді баспасөз үшін қызық тұлға емеспін. Адам ретінде енді өзімнің мәдениетімді арттыруға күш салып, өз елімнің азаматы, патриоты болып қала беремін, еліміздің игілігі үшін жұмыс істей беремін.

Махамбет Әбісатов

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті