Алматыда автобустан құлаған қызға қатысты тың дерек шықты

Facebook
Автопарк өкілі қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын, соның қорытындысы бойынша жүргізушіге қатысты шаралар қолданылатынын айтты.

Қала маңындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын "Жедел" ЖШС бүгін № 422 бағыттағы автобустың ашық есігінен бір бойжеткеннің құлап кетуіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық мобильдік басқармасына сілтеме жасап.

- Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол өз бағдары бойынша Алматы-1 вокзалынан Ащыбұлақ ауылына қарай бет алып бара жатқан. Сол кезде жолаушы Аяла Нұрбол өз аялдамасынан өтіп кеткенін айтып, жүргізушіге тоқтауды сұраған. Жүргізуші автобусты жолдың оң жақ шетіне алып, көлік толық тоқтағаннан кейін есікті ашқан. Куәгерлердің айтуынша, автобустан түсерде құлаққаптағы қыз телефон экранынан көзін алмастан қадам басқан. Сол кезде ол жаза басып, жерге домалып түскен. Оқиға орнына жеткен жол полициясының қызметкерлері салонда отырған барлық жолаушылардан жауап алды. Куәгерлер жүргізушінің кінәсіздігін растаған, содан кейін де автобус өз бағдарымен ары қарай жұмысын жалғастырды, - делінген хабарламада.

Автопарк өкілі қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын, соның қорытындысы бойынша жүргізушіге қатысты шаралар қолданылатынын айтты.

Айта кетсек, бұл оқиға Алматыда 23 шілдеде сағат 13.30 уақытында орын алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем көлігі қызды ауруханаға алып кеткен. Желіде оқиға куәгері күн ыстық, сондықтан автобустың есігі ашық болғанын, одан бір қыздың құлап кеткенін жазған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты