Тоқаев қаза тапқан қорықшының отбасына көмек көрсетілетінін айтты

Ақорда
Бұдан бөлек Мемлекет басшысы қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажеттігі туралы тапсырмасын тағы бір мәрте еске салды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшы Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз! Қаныш Нұртазиновтың отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!", деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Бұдан бөлек өз жазбасында Мемлекет басшысы қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажеттігі туралы тапсырмасын тағы бір мәрте еске салды.

Айта кетсек, алдында броконьерлер қолынан қаза тапқан Қаныш Нұртазинның отбасына көңіл айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев броконьерлерге қолданылатын жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Көп ұзамай ҚР Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Президент тапсырмасына сәйкес бұл істі жеке қадағалауына алып, заңдарды күшейту жағын қарастырып жатқанын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды