Ғалымдар алманың адам денсаулығына зиян екенін айтты

Алмада 100 миллионнан аса бактерия бар.

Көп сүйіп жейтін алманың қабығы ғана емес, сонымен қатар жемістің іші де бактерияға толы әрі ол адам денсаулығына өте қауіпті. Австриядағы Грац технологиялық университетінің биологы Габриэлла Берг Microbiology Frontiers журналына шыққан мақаласында осылай дейді, деп жазды Life.

- Тамақ құрамындағы бактериялар, саңырауқұлақтар мен вирустар біздің ішектерімізге барып жабысады. Әдетте, зиянды заттар ыстыққа түскенде өледі. Алайда жемістерді біз қайнатып жемейміз ғой. Сондықтан шикі жемістер мен көкөністер, әдетте, микрофлорамыздың нақ көрінісі болып табылады.

Тәжірибе жасадық. Супермаркеттен алынған алма ғана емес, сонымен қатар үйде өсетін жемістер де қауіпті болып шықты. Бір грамм целлюлоза немесе жеміс тұқымында 500 мыңға жуық зиянды бактериялар табылды. Яғни, химиялық қоспаларсыз өсірілген алма және пестицидтермен өңделген алмаларды қатар алып, тексердік. Екеуінің қатты айырмасы жоқ. Екеуінде де бактерия өріп жүр.

Тағы бір қызық дәлел. Алматының сыртқы қабығына қарағанда ішкі жұмсағындағы бактерия 10 есе көп болып шықты.

Оның үстіне алманың дәмі мен сортын да ерекшелейтін қасиеттер осы бактериялардың өзінен анықталды. Супермаркеттердегі алмада Methylobacterium деген бактерия болмай шықты. Міне, осы бактерия асқазан мен өттің жұмысын бұзады, - делінеді аталған мақалада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: