Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл қайғылы хабарды оның бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкенова растады.
- Шынын айтсам, жүрегім ауырып, есімнен танып отырмын. Кенже құлыншағы ғой. Мен бұл туралы департаменттің чатынан көзім шалды, министрліктен кетсем де ол чатта бар едім. Бұл жағдай қашан, қалай болғанын егжей-тегжейлі білмеймін. Кеше, сағат кешкі 11-ден бастап, чатта отырғандардың барлығы оған көңіл айта бастады. Ол кезде менің ұялы телефоным сөндірулі еді. Оны таңертең көрдім. Қазір телефон соғып, не оның көмекшісіне не сіңлісіне шыға алмай жатырмын, телефон тұтқасын ешкім көтермейді», - деді Майраш Тайкенова Zakon.kz тілшісіне берген сұқбатында.
Кейбір мәліметтер бойынша, Эльмира Сұхбанбердиеваның төрт баласы бар: екі ересек қызы және екі ұлы бар, онда да олардың бірі - мектеп оқушысы, ал ең кішісі - үш жаста.
Айта кетсек, 5 маусымда ҚР Білім және ғылым вице-министрінің ұсталғаны туралы БАҚ беттерінде ақпарат пайда болды. Ал 6 маусымда оның Эльмира Суханбердиева екені белгілі болды. Ол 2 тамызға дейін қамауда болған.
10 шілдеде сот Эльмира Суханбердиевті кінәлі деп таныды. Сот оған 2500 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындап, яғни 5 948 900 теңгені төлеуді міндеттеп, өмір бойына мемлекеттік қызмет лауазымын атқару құқығынан айырған еді.