30 шілдеде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады

24 kz
Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, республиканың кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

30 шілдеде еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік батысыңда күн ашық, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, республиканың кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі", - дейді синоптиктер.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауылды жел болады. Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Түркістан, Қостанай, күндіз Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде шаңды жел тұрады. Қостанай облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Алматы облысыныңда, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды