Молдова Ішкі істер министрлігі депутат Илан Шораға халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды РИА Новости осы елдің ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Ішкі істер министрлігі Илан Миронович Шораға ұлттық және халықаралық іздеу жариялады. Бұл жарлықты орындау міндеті Ішкі істер министрлігі жанындағы Бас полиция инспекциясына жүктелген, - делінген министрлік сайтында жарияланған хабарламада.
Бұған дейін елден ескертусіз кеткені үшін депутат Шораның үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Сондай-ақ,оның бүгіндері Украинада тығылып жүргені болжанады.
2017 жылғы маусымда Илан Шораға Кишинев соты үкім шығарған. Ол банк операцияларындағы алаяқтық ісіне қатысушы ретінде сотқа тартылып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Оған Молдова аумағынан шығуға тыйым салынған. Ақпандағы сайлаудан соң ол Шор партиясының басшысы ретінде парламентке депутат болып сайланған.
Айта кетсек, 42 жастағы ресейлік әнші Жасмин алдында "Эльдарадо" мейрамханасының қожайыны Вячеслав Семендуевтен ажырасып, содан соң молдовалық кәсіпкер Илан Шораға күйеуге тиген болатын. Ол бұрынғы күйеуі қызғанып, ұрып-соғады деп БАҚ беттерінде дау көтерген. Оның бірінші некесінен бір ұлы бар, кейінгі күйеуінен тағы екі бала дүниеге әкелген. Жасмин өзін бақытты санап, өзінің екінші некесін сәтті деп бағалаған еді. Бірақ оның отбасылық өмірі тағы сынаққа түсіп жатқан сияқты.
Жасмин бұрынғы күйеуімен: