"Құдашам..." Ермахан Ыбырайымов тоқалын көрсетті

Ашық дереккөздерден алынды
Боксшының екінші әйелінің спортқа еш қатысы жоқ адам екен. Мамандығы білім саласына қатысты дейді.

Халықаралық спорт шебері, танымал боксшы Ермахан Ыбырайымовтың екі әйелінен 10 баласы бар, деп хабарлайды Zakon.kz "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап.

Өз сұқбатында 8 ұл, 2 қыздың әкесі бүгіндері Алматы қаласында екінші әйелімен тұрып жатқанын ашып айтты.

- Мен өзім 10 балалы отбасыдан шыққанмын. Үйде 8-ші баламын. Сондықтан менде де 10 бала болса деп мақсат еттім. Қазір үлкен ұлым Америкада оқиды. Шетелдің аты шетел. Қасында біреудің жүргені жақсы ғой. Сондықтан анасы баласының қасына баруды ниет етті. Содан үлкен жеңгелеріңді сол жаққа жібердік. Қазір өзім Алматыда Айжанмен біргемін, - дейді Ермахан Ыбырайымов.

Өз сұқбатында боксшы екінші әйелімен қалай танысқанын да айтып берді.

"Құдашам болып келеді ол кісі. Тойларда кездесетін болдық, басқа жерде кездесетін болдық. Кейін әңгімелесе-әңгімелесе келе, отбасы құрып кеттік", - дейді ол.

Хабар барысында боксшының екінші жұбайы Айжан Ыбырайымова да сұқбат берді.

"Өмірде қарапайым ардақты әке, асыл жар. Асабалық қасиеті бар. Кейбір кішігірім кештерді, шағын басқосуларды дөңгелетіп жібереді. Көбіне іссапармен жүреді. Ашуланғанда үндемей қоя саламын. Сабасына түсті-ау дегенге шай ішіп, бәрін рет-ретіне келтіріп аламыз. Телефонды дер кезінде көтермесең қатты ренжиді. Ауылда өскендіктен даланың жұмысына икемі күшті. Шалғымен шөпті орғанын көргенде қатты таң қалдым. Шәй ішкенді қатты жақсы көреді.

Дойбы, шахмат, нарды дейміз, бәрін өте керемет ойнайды. Кез келген іске, кез келген жұмысқа тиянақты қарап, соны соңына дейін тыңғылықты атқарады. Асығыс-үсігіс деген жоқ. Олимпиада чемпионын даярласам деген арманы бар. Одан соң зейнетке шыққанда ауылға кетіп, мал баққысы келеді. Жақсылық Үшкемпіров деген ағамыз бар ғой, өзінің жеке қожалығы бар. Соның жолын берсе екен деп армандайды", - дейді боксшының кіші жары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді