Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысына Арыс қаласындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы және Түркістандағы жаңа инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, Президентке тартылатын шетел инвестицияларының ағымдағы көрсеткіштері, Еуразиялық экономикалық одақ аясында ықпалдастықты дамыту, 2020 жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық туралы мәлімет берілді.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың тиімді жүзеге асырылуын, сондай-ақ Арыс қаласындағы барлық қалпына келтіру жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты